USD
USD
USD

Маңғыстауда айкезбе қыз екі әпкесін пышақтап тастады

Маңғыстауда кәмелетке толмаған қыз ұйқы хәлінде әпкелерін пышақтап тастады, деп хабарлады

Маңғыстауда айкезбе қыз екі әпкесін пышақтап тастады
Фото: NEGE.kz

Stan.kz.

Алматы, NEGE. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2023 жылғы 14 сәуірде сағат 04:30 шамасында полицияға Ақшұқыр ауылындағы үйлердің бірінде екі қыздың пышақ жарақатын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілген.

Белгілі болғандай, 11 жастағы кәмелетке толмаған қыз ұйқы хәлінде өзінің 19 және 12 жастағы әпкелерін үстел пышағымен пышақтап тастаған.

"Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Біреуі медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне шығарылды, екіншісі әлі ауруханада. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жария етілмейді",  – делінген Маңғыстау облысы полиция департаментінің мәлімдемесінде. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе