USD
USD
USD

Маңғыстауда 2025 жылға дейін 22000 орындық 21 мектеп салынады

Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді.

Маңғыстауда 2025 жылға дейін 22000 орындық 21 мектеп салынады
Фото: NEGE.kz


 
Алматы, NEGE.  – «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдарға облыста 22000 орындық 21 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде сегіз мектеп Ақтауда, үшеуі Жаңаөзенде салынады. Сондай-ақ Бейнеу ауданында екі, Маңғыстау ауданында екі, Мұнайлы ауданында алты мектеп салу жоспарланған. Тізімді қалыптастыру кезінде облыстың өзекті мәселелерінің бірі – табиғи туудың жоғары көрсеткіші және ішкі көші-қонның өсуі ескерілді. 2023 жылға 13 мектеп жоспарланса, қазір 10 мектептің құрылысына конкурс жарияланды, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, 2024 жылы 12 900 орындық 13 мектеп, 2025 жылы 9 100 орындық 8 мектеп салу жоспарланған. Мектептер пайдалануға берілгеннен кейін облыста 15 үш ауысымды (3999 орын) мектепте, 2 апатты (1368 орын) мектепте және 34 мектепте (9 991 орын) орын тапшылығы жойылады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова