USD
USD
USD

Маңғыстауда жеке клиникада МӘМС бойынша емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған

Маңғыстау облысында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатын жымқыру фактісі бойынша екі жекеменшік клиниканың басшылығы тергеп-тексерілуде.

МӘМС
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. «ИБН СИНА» және «SOFIE MED GROUP» клиникалары ҚМА-ның Маңғыстау облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің назарына іліккен.

Тексеру кезінде медициналық орталықтардың лауазымды тұлғалары ер адамдарға қойылған  диагноз бойынша медициналық қызметтерді кодтау кезінде әйелдерге арналған қызмет кодын көрсеткен. Нақтырақ айтқанда, «варикоцеле» бойынша көрсетілген қызметке «кіші жамбас ағзалары мен жатыр артериялары тамырларының эндоваскулярлық эмболизациясы» қызмет кодын көрсеткен.

«Нәтижесінде 200-ден астам ер адамға негізсіз қымбат медициналық қызметтер рәсімделіп, емдеу құны 10 есеге дейін ұлғайтылған», – деп хабарлады ҚМА.

Бұған қоса 19 жағдайда пациенттер бұл клиникаларда емделгенін мүлде растамаған.
Салдарынан мемлекетке 221 млн теңгеден астам залал келген.

Қазіргі уақытта бұл фактілер бойынша тергеп-тексеру жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті экс-әкім Жақсылық Омардың қалай ұсталғанын ашып айтты

Жақсылық Омар

Теңге әлемдегі долларға қатысты нығайған валюталар бестігіне енді

теңге

Жаңа оқу жылынан бастап мектептерде жаңа пәндер енгізіледі

оқушылар

«Кәсіби маман»: Аида Балаева журналист Гүлнар Бажкеноваға қатысты пікір білдірді

Гүлнар Бажкенова