USD
USD
USD

Маңғыстауда жағалаудан екі мыңнан астам итбалықтың өлексесі табылған

Былтыр, 2024 жылғы қараша айынан бері Маңғыстау облысындағы Каспий теңізінің жағалауынан екі мыңнан астам итбалық өлексесі табылды. 

Т
Фото: А.Сарсенбаевтың Instagram парақшасынан

Алматы, NEGE. Итбалық өлекселерін тағы да Ақтаулық блогер және қоғам белсендісі Азамат Сәрсенбаев анықтаған. Оның айтуынша, 24 мамыр күні ол түсірілім тобымен бірге Каспий жағалауындағы экологиялық жағдай туралы репортаж әзірлеу үшін Форт-Шевченко қаласына барған. Алайда әдеттегі түсірілімнің орнына топты алаңдатарлық көрініс қарсы алды — ұзындығы небәрі бір шақырымдық жағалау бөлігінде елуге жуық өлі ересек итбалықтың өлексесі саналған.

“Бүгін Евроньюстың түсірілім тобымен бірге Каспий теңізіне қатысты экологиялық мәселелер туралы репортаж түсіру үшін Форт-Шевченкоға келдік. Ондағы көріністен шошып кеттік. Жағалаудағы шағын кеңістіктің өзінен 50-ден астам өлі ересек итбалықты таптық. Және бұл бір шақырым ғана”, – деп жазды блогер бір күн бұрын.

Оның сөзінше, жергілікті балықты қорғау инспекторлары екі күн бұрын ғана бұл жерден 160-тан астам өлі итбалық тауып, утилизациялаған.

Lada.kz басылымының жазуынша, ҚР Балық шаруашылығы комитеті 20–21 мамыр аралығында Форт-Шевченко қаласы маңындағы Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында тексеріс жүргізу барысында қатты ыдыраған 117 итбалық өлексесі анықталғанын мәлімдеді. Олардың болжамынша, бұл итбалықтар былтырғы қараша–желтоқсан айларында қырылған болуы мүмкін. Қазіргі таңда жағалауды бақылау жұмыстары жалғасып жатыр. Жалпы алғанда, былтыр қарашадан бері қырылған итбалықтар саны 2 194-ке жеткен.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.