USD
USD
USD

Маңғыстауда заңсыз көші-қон арнасы анықталды: төлқұжаттар, мөрлер мен миллиондаған теңге тәркіленді

Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау
Фото: POLISIA.KZ

Алматы, NEGE. 15 мамырда өткен жедел іс-шаралар нәтижесінде үш күдікті ұсталды. Олар шетел азаматтарына тіркеу, уақытша тұру мерзімін ұзарту және ХҚКО арқылы рұқсат рәсімдеу бойынша жалған қызмет көрсетуменайналысқан деген күдікке ілінді.

Тінту барысында тәркіленген заттар:

  • әртүрлі ЖШС-ге тиесілі 70-тен астам мөр;

  • 75-ке жуық шетелдік төлқұжат;

  • электронды ақпарат тасығыштар мен техника, банк карталары;

  • ХҚКО құжаттарының түпнұсқалары;

  • шамамен 2 млн теңге көлемінде қолма-қол ақша;

  • екі автокөлік.

Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова