12 Қыркүйек 16:16
...

Маңғыстауда Заң мен тәртіп тақырыбында XII Азаматтық форум өтті

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 12 қыркүйек күні Ақтау қаласында «Заң мен тәртіп – қоғам тұтастығының негізі: Құқықтық сауаттандырудағы ҮЕҰ-дың рөлі» атты XII Азаматтық форум өтті.

Алматы, NEGE. Форум заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті нығайту ісінде азаматтық қоғамның рөлін талқылауға арналған маңызды алаңға айналды. Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары Жанаргүл Әлжанова, Қазақстанның Азаматтық альянсы президенті Бану Нұрғазиева, республикалық және өңірлік ҮЕҰ өкілдері, мәслихат депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Бағдарлама аясында өңірлік ҮЕҰ үшін шеберлік сағаттары, пікірталас алаңдары, үздік әлеуметтік жобалар көрмесі және пленарлық отырыс ұйымдастырылды. Форумда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, еңбек құқықтарын қорғау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері көтерілді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған міндеттерге тоқталып, өңірдің тұрақты дамуында азаматтық сектордың маңыздылығын атап өтті.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғам институттарының рөлін күшейту қажеттігін атап өтті. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдар қоғам өмірінің барлық маңызды саласын қамтып, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру арқылы өзекті мәселелердің шешіміне ықпал етіп келеді. Ауыл мен қаланы теңестіру керек деген мәселені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым айтып келеді. Соны орындау парыз. Қазір қарап отырсақ, Қазақстан әлемдік аренада үлкен беделі бар мемлекетке айналып келе жатыр. Біздің мақсатымыз – Мемлекет басшысының саясатын қолдап, оны іске асыру, - деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Форум соңында үздік деп танылған ҮЕҰ-дың өкілдері «Сала көшбасшысы» дипломымен, белсенді азаматтар Қазақстанның Азаматтық альянсының Алғыс хатымен марапатталды. Жиын нәтижесінде ҮЕҰ-дың құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған бастамаларын қолдау жөнінде ұсыныстар әзірленді.