USD
USD
USD

Маңғыстауда вахта қызметкерлері мінген автобус апатқа ұшырады

Оқиға Қаражанбас-Қаратұрын тас жолында болды. Мұнай өндірушілерге қызмет көрсететін компания қызметкерлерін Қаратұрын кен орнына жұмысқа алып бара жатқан автобус жылқыны соғып, апатқа ұшыраған.

Жедел жәрдем
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Оқиғаның салдарынан төрт адам түрлі дене жарақатын алды. Оның бірінің екі аяғы сынып, Ақтау қаласындағы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, көлік жүргізушісі жол ережесін бұзып, жауапқа тартылған. Сараптамалар тағайындалған. Соның нәтижесіне қарай, жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесі қаралады.

-– Қазіргі таңда жылқының иесі іздестіріп жатыр. Оның кім екені анықталғаннан кейін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу дерегі бойынша мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова