USD
USD
USD

Маңғыстауда төбелес шығарған түлектер мен олардың ата-аналары бейнеүндеу жариялады

 Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының түлектері 25 мамырдағы жаппай төбелестен кейін көпшілікке бейнеүндеу жолдады.

төбелес
Фото: Видеодан кадрлар

Алматы, NEGE. Ата-аналар балаларының бұл қылығы үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. Сондай-ақ төбелестен ешкімнің жарақат алмағанын жеткізді. Сөздерінше, мұғалімдер, мектеп директоры мен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмысын жүргізген. Ешкімге шағымдары жоқ.

Түлектердің өздері де көпшіліктен кешірім сұрады. Олар төбелеске арадағы "жанжалдың" себеп болғанын айтады.

Еске салайық, Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында жаппай төбелес болған еді. Желіде тараған видеода төбелеске ондаған оқушы қатысқаны байқалады. Олардың кейбіреуі тіпті бір-біріне тас лақтырған.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова