USD
USD
USD

Маңғыстауда спорт мекемесінің бас есепшісі бюджеттен 117 миллион теңге жымқырған

Маңғыстауда Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырған.

Ақша
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысының прокуратурасы бюджет қаражатының жұмсалуының заңдылығын тексеру барысында аталған спорт мекемесінде жымқыру фактісін анықтады.

Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденген. Аталған дерек облыс прокуратурасымен тергеліп, нәтижесімен қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданған.

Сот үкімімен Ұлттық спорт түрлері орталығының басшысы өз мiндеттерiн тиісінше орындамау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылды. Ал мекеменің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова