Референдум Референдум
USD
USD
USD

Маңғыстауда шетелге оқуға түскен 11-сынып оқушысын сыныптастары көре алмай ұрып кеткен

Жаңаөзенде лицей оқушылары 11-сынып оқушысының жетістігіне қызғанышпен қарап соққыға жыққан. Оқиға зардап шеккен оқушының үйінің жанында  болған, деп хабарлайды Lada.kz.

Әлімжеттік
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Редакцияға Жаңаөзендегі «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысының соққыға жығылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Дереккөздің мәліметінше, 16 сәуір күні кешке мектеп бітірушіні өз үйінің жанында қатарластары ұрып-соққан. Оған себеп — қызғаныш: жасөспірім жуырда шетелдік университетке грант арқылы оқуға түскен. Сондай-ақ шабуылды бастаған лицей президенті қызметін атқаратын өзімен қатар оқушы екені нақтыланған.

Ұлын қорғауға келген әкесі де топтасқан жасөспірімдермен күресе алмай, аяғынан жарақат алған.

Қазіргі уақытта зардап шеккен оқушы мен оның әкесі Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасында ем қабылдап жатыр.

Шағым авторының айтуынша, мектеп әкімшілігі оқушыларға зорлық-зомбылық құрбанына баруға және оқиға жайлы ақпарат таратпауға қатаң тыйым салған.Ал зардап шеккен оқушыға бұл оқиғаны көпшілікке жария етпеу үшін ірі көлемде ақша ұсынған.

Лицей әкімшілігі мен қалалық білім бөлімі бұл жағдайды жасыруға тырысып жатыр, өйткені лицейдің беделіне нұқсан келіп, өздерінің жайлы қызметтерінен айырылып қалудан қорқады.
– «Директор лицейді жеке бизнес көзіне айналдырып жіберген», – делінген шағымда.

Жаңаөзен көпсалалы қалалық ауруханасының мәліметінше, 11-сынып оқушысына:

  • жабық бас-ми жарақаты,

  • ми шайқалу,

  • төбе тұсындағы шашты бөлігінде теріасты гематома мен жарақат,

  • бет аймағында, көз маңында қос жақты көгеру,

  • сол тізе буынында сырылып жаралану

диагноздары қойылған.

Әкесіне:

  • сол аяқтың 2-ші табан сүйегінің жабық, көп сынықты, сынықтар ығысуымен болған сынуы диагнозы қойылған.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов