USD
USD
USD

Маңғыстауда мұнайшыларды наразылыққа үгіттеу ісін ҰҚК тергеп жатыр

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Маңғыстау облысында қылмыстық топтың ықтимал мүшелеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатқанын растады.

ҰҚК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Алайда ведомство күдіктілердің нақты қандай әрекеттерге қатысы бар екенін ашып айтпады.

«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ҰҚК бірқатар басылымға.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желіде Маңғыстау облысы бойынша ҰҚК департаменті мен Ішкі істер министрлігі органдары Жаңаөзенде қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойғаны жазылған еді. Ондағы ақпаратқа қарағанда, топ мүшелері мұнайшыларды жаппай наразылыққа шығуға үгіттеп, тапсырыс беруші – «Өзенмұнайгаз» АҚ-дан қосымша қаражат алуға тырысқан.

Болжам бойынша, олардың мақсаты мердігерлік келісімшарттардың көлемін ұлғайту болған.

Ал блогер Азамат Сарсенбаев «Jana Oil Service» ЖШС-ның (бұрынғы «Кезби») және «Өзенмұнайгаз» компанияларының басшылары ұсталғаны туралы хабарлаған. Оның мәліметінше, мердігер ұйымдардың басшылары мұнайшылардың наразылықтарын ұйымдастыру үшін сөз байласқан болуы мүмкін.

Таяуда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы «Өзенмұнайгаз» басшылары ұсталды деген ақпаратты теріске шығарды. 

Қазір оқып жатыр

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 15,75%-ға дейін төмендетті

Ұлттық банк

Астана тұрғындарынан 413 млн теңгені алдап алған жетеудің ісі сотқа жолданды

Қылмыстық іс

Белгісіз меценат талдықорғандық жас домбырашының миллион теңгеге жуық несиесін жауып берді

Талдықорғандық домбырашы

Бұрынғы депутат Ринат Зайытов қорғаныс саласына қарасты орталықтың басшысы атанды

Ринат Зайытов