USD
USD
USD

Маңғыстауда қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметші мемлекеттік наградамен марапатталды.

Маңғыстау
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Ақорда олардың әскери борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапатталғанын атап өтті.

29011 әскери бөлімінің взвод командирі Олжас Мұхтарұлы Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.

Рахымжан Қошқарбаев атындағы III дәрежелі «Айбын» ордені мына әскери қызметшілерге берілді:

  • Сержан Талғатұлы Аяпберген – бөлімше командирі;
  • Дастан Нұрболұлы Бегей – аға матрос, аға атқыш;
  • Мейрамбек Ермұханұлы Бердіханов – бөлімше командирі;
  • Ақжайық Болатбекұлы Гилаж – матрос, граната атқыш;
  • Мансұр Айтбайұлы Ғұмаров – бөлімше командирі;
  • Олжас Тәжібайұлы Диханбаев – бөлімше командирі;
  • Әсет Саматұлы Жаңабай – маман, көздеуші;
  • Алмас Жүсіпұлы Көбенов – матрос, граната атқыш;
  • Азамат Болатбекұлы Мәдіхан – матрос, граната атқыштың көмекшісі;
  • Өмірбек Өмірболатұлы Өмірзақ – матрос, граната атқыш;
  • Жеңіс Тілеуішұлы Темірғалиев – матрос, оқшашар атқыштың көмекшісі;
  • Ақылбек Қабденұлы Төлеген – аға матрос, аға атқыш;
  • Мирас Тұрдыбекұлы – матрос, атқыш.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңіз суы алып кеткен. Олардың 14-і қаза тауып, үшеуі құтқарылды.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік төлем: Қазақстанда отбасының байлығы қалай есептеледі?

отбасының әл-ауқаты

ҚМА Перизат Қайраттың туысының Дубайдағы пәтерлеріне қатысты мәлімдеме жасады

Перизат Қайрат

Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

қол қою

Қырғызстанда пара алу күдігімен 15-ке жуық кеденші мен шекарашы ұсталды

Өткізу пункті