USD
USD
USD

Маңғыстауда газ жарылып, бір адам қайтыс болды

Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы жер үйде қолдан жасалған жылыту қазандығында газ жарылды, деп хабарлады Kazinform.

ТЖМ
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Төтенше оқиға аудан орталығында 3 сәуір күні түнде тіркеліп, бір адам қайтыс болды.

«Жарылыс салдарынан жекеменшік үй толығымен қирап, Бейнеу ауылының тұрғыны ауруханада көз жұмды. Қайғылы оқиға таңға жуық болды. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ апаттық бригадасына төтенше жағдай қызметкері хабарлаған. Оқиға орнына жеткен мамандар үйде қолдан жасалған газ пеші орнатылғанын анықтады. Апат туралы аудандық әкімдік пен полицияға бірден хабар берілді. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауаға газ тарап, бөлме ішіне толған. Үйде орнатылған қолдан жасалған газ қазандығына қатысты тексеруші РЦКУ мекемесі бұрын осы жабдықты ауыстыру туралы ескерту берген екен. Бірақ үй иелері ол ескертуді елемегенге ұқсайды. Қайғылы оқиға себептері тексеріс қорытындысы бойынша анықталады», - деп жазылған «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қоғаммен байланыс департаменті таратқан мәліметте.

Қазір оқып жатыр

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан