Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Маңғыстауда ереуілдер 60%-ға дейін азайды – облыс әкімі

Маңғыстау облысында еңбек дауларының саны айтарлықтай азайды. Өңір басшысы Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, соңғы кезеңде ереуілдер 56-60% азайған.

Ереуіл
Фото: ЖИ көмегімен жасалған

Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Ол Nege.kz редакциясының ереуілдерге қатысты сауалына жауап бере отырып, жағдайдың жақсаруы жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін айтты.

«Қазіргі жағдайды бұрынғымен салыстырсақ, ереуілдердің саны шамамен 56-60% азайды. Бұл өздігінен болған процесс емес, артында үлкен әрі жүйелі жұмыс тұр. Көп жағдайда ол жұрттың көзіне көрінбейді. Таңғы жетіден бастап түн ортасына дейін созылған келіссөздер мен ұзақ кездесулер болды. Бірақ мұның бәрін біз ақпарат құралдарына немесе әлеуметтік желіге шығармаймыз», – деді өңір басшысы.

Әкімнің сөзінше, кейбір мекемелерде жұмыс уақытша тоқтап қалатын жағдайлар әлі де кездеседі. Алайда бұрынғы кезеңмен салыстырғанда мұндай жағдайлар сирек.

«Қазір жұмыс беруші, жұмысшылар, кәсіподақтар және басқа да тараптар – жалпы төрт-бес жақ бірлесе жұмыс істеп отыр. Қандай да бір алдын ала сигнал түссе, бірден бас қосып, талқылаймыз, шешу жолдарын іздейміз. Кей мәселелер шешімін табады, кейбірі бірден шешілмейді, бірақ бәрібір компромиске келуге тырысамыз», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Наразылықтар көбіне жалақы, материалдық-техникалық база немесе еңбек ұжымындағы жеке қарым-қатынас мәселелеріне байланысты туындайды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық