USD
USD
USD

Маңғыстауда аурухананың бас есепшісі 32 млн теңге жымқырғаны үшін 7 жылға сотталды

Маңғыстауда көпбейінді облыстық аурухананың бас есепшісіне бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сот балғасы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Облыстық прокуратура ауруханаға тексеру жүргізіп, нәтижесінде 32 млн теңгеден астам қаржы жымқырылғанын анықтады. Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің аса ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу бабымен қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында бас есепші танысымен алдын ала сөз байласып, бюджет қаражатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың шоттарына аударып, кейін оларды қолма-қол ақшаға айналдырғаны анықталды. Сотталушылардың кінәсі толық дәлелденді.

Ал бас есепшінің сыбайласына 7 жылға бас бостандығын айыру жазасы тағайындалды. 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Ресейде әскери ұшақ құлады: қаза болғандар бар

Ресей ұшақ

$2 млрд-тық жобада заңбұзушылық бар ма? Министрлік НЕГЕ үнсіз қалды?

Энергетика министрлі

Қазақ тіліндегі қателерді азайту үшін 34 сөздік дайындалады

Қарин

Қостанай облысында екі оқушы 10 жастағы баланы зорлаған деген күдікке ілінді: полиция тергеу бастады

сот