USD
USD
USD

Маңғыстауда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 38 млрд теңгеге жетті

Биыл Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы саласында 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Мал шаруашылығы өнімінің көлемі 22,4%-ға артқан. Бұл туралы облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жергілікті өнімдердің қолжетімділігін арттыру мақсатында сыйымдылығы 4 мың тонна болатын заманауи көкөніс сақтайтын қойма салынуда. Әкімнің айтуынша, өңірдің табиғи ерекшеліктеріне сай Маңғыстауда түйе шаруашылығы, балық кәсібі және туризм бағыттары қарқынды дамып келеді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгінде Маңғыстау облысында 95 мыңға жуық түйе тіркелген. Түйе сүтін терең өңдеп, экспортқа шығару бағытында үш ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Ал биыл түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех іске қосылды.

Жалпы өңірде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту аясында 2025-2027 жылдары 23,6 млрд теңгеге 15 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл ішкі нарықты табиғи әрі жергілікті өнімдермен қамтамасыз етуге жол ашады. Сонымен қатар, ветеринариялық жүйені жаңғырту аясында 43 ветеринариялық пункт пен 1 станция пайдалануға берілмек.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек

Ғылым саласына жүргізілген аудиттен кейін төрт адам қызметінен босатылып, отыздан астам адам жауапқа тартылды

Ғылым академиясы