USD
USD
USD

Маңғыстауда әкімдік маңында ер адам өзін өртеп жіберді

5 желтоқсанда Маңғыстау облысы әкімдігі ғимаратының жанында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ер адам облыс әкімінің қабылдауын талап етіп келген, бірақ дегеніне жете алмаған.

"Әкімдік қызметкерлері тұрғынға бүгін облыс әкімінің азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдамайтынын түсіндіріп, белгіленген күні қабылдауға келуін сұрады", - деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

Ер адамды Қарақиян ауданы әкімінің орынбасары қабылдады, бірақ оның бұған көңілі толмай, ер адам жанғыш қоспамен өзін-өзі өртеп жіберді.

Өртті полиция мен әкімдік қызметкерлері сөндірді. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылды.

Маңғыстау облыстық полициясы бұл фактіге қатысты "Өзін-өзі өлтіруге итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті