USD
USD
USD

Маңғыстауда 34 дана зергерлік бұйымды жыныс мүшесіне жасырып қойған әйел ұсталды

Маңғыстау облысындағы «Құрық» кеден бекетінде «Зарифа Әлиева» теңіз кемесін Қазақстан аумағына кіргізу кезінде жолаушы әйелдердің бірінің күмәнді іс-қимылы кеденшілердің назарына іліккен.

Контрабанда
Фото: instagram.com/mangystaumkd

Астана, NEGE. Мамандар паспорттық бақылаудан өткеннен кейін әйелдің қадамы баяулап, қолымен үнемі іш тұсын ұстап жүргенін байқап, оны тексеруге кіріскен.

Тексеру барысында 1964 жылы туған әйелдің жыныс мүшесінде жасырылған 34 дана зергерлік бұйым анықталып, тәркіленген. Олардың қатарында 15 жиынтық (сырға мен сақина), жеті сақина, үш жұп сырға, бір шынжыр және сегіз түрлі білезік болған.

«Қазіргі уақытта бұл факт бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес процессуалдық іс-шаралар жүргізіліп жатыр», – делінген Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарламасында.

Департамент өкілдері адам денесіне жасырып тауар тасымалдау кеден заңнамасын өрескел бұзу болып саналатынын және мұндай әрекеттер үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Бұрын істі болған экс-депутат Жұманғариннің штаттан тыс кеңесшісі болды

Болатбек Әлиев

Ақтаудағы нөсерден кейін әкімдік мердігерді сынға алды

Ақтау

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram