USD
USD
USD

"Маңғыстау жарық" мекемесіне борышкерлер 500 млн теңгеден астам қарыз

Маңғыстау облысы тұрғындарының электр энергиясы бойынша жалпы берешегі 553 млн теңгеге жуықтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Маңғыстау жарық" мекемесіне борышкерлер 500 млн теңгеден астам қарыз
Фото: NEGE.kz

Ақтау, NEGE. "Маңғыстау Жарық" ЖШС директоры Ермек Дәулетбақовтың мәлімдеуінше, соңғы уақытта электр энергиясын тұтынушылар төлемді уақытылы төлемейді.

"Шыққан шоттар бойынша төлемді уақытында және толық төлейтін тұтынушыларға алғыс айтқым келеді. Өкінішке орай, кейбір тұтынушылар төлемді мүлдем ұмытқан. Сондықтан да уақытылы төлем жасамайтын тұтынушыларға "Маңғыстау Жарық" ЖШС Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында жазылған берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміне жүгінуге мәжбүр", - дейді Ермек Дәулетбақов. 

Компания өкілдері мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміне мемлекеттік және жеке нотариустар мен сот орындаушылары тартылатынын, тиісінше борышкер-тұтынушыдан төленетін сома борышты өндіріп алу жөніндегі қызметтердің құнына қосылып көбейе түсетінін де атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Мемлекеттің заңсыз әрекетінен келген зиянды өтеу құқығы Конституцияда бекітілді

Адам ұрлау

Құрылтай сайлауы: негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары жарияланды

үгіт-насихат

Алматыдағы көшелердің біріне Денис Теннің аты берілді

Денис Тен

Президент рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды

амнистия