USD
USD
USD

«Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» мемлекетке қайтарылды

Маңғыстау облысының прокурорлары бағалау құны 145 млн теңгеден асатын «Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» коммуналдық кәсіпорнын мемлекетке қайтарды.

«Маңғыстау облыстық тері-венерологиялық диспансері» мемлекетке қайтарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін кәсіпорын Үкіметтің Денсаулық сақтау объектілерін мемлекет иелігінен шығаруға салынған тиымына қарамастан, кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге «Қарақия оңалту орталығы» ЖШС-ға сенімгерлік басқаруға берілген болатын. 

Бүгінгі таңда сенімгерлік басқаруға беру шарты бұзылып, мүлік қайтадан мемлекеттің басқаруына қайтарылды. 

Бұдан басқа, елордалық прокуратура мемлекет гранттар түрінде бөлген ақшаны қайтару жөнінде шаралар қабылдады.

Мәселен, Ғылым қоры 2017-2019 жылдар аралығында «Flow System» ЖШС-ға ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға 259 млн. теңге сомасында грант берген. Алайда грант алушы Ғылым қоры алдындағы міндеттемелерін орындамай, жобаны іске асырмаған. 

Осыған байланысты прокуратура сотқа талап арыз енгізді. Нәтижесінде сот жауапкерден мемлекет пайдасына 259 млн.теңге өндірді. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты