USD
USD
USD

Маңғыстау облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген

Маңғыстау облысының тұрғыны үйінің ауласында есірткі өсірген, деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысының тұрғыны ауласында есірткі өсірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 23 шілдеде Облыстық ПД-ның қызметкерлері “Қарасора – 2022” жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Бейнеу ауданының 48 жастағы тұрғынының үй ауласынан көкөністермен бірге өсіп тұрған есірткіге ұқсас 27 шөп тектес өсімдік және автокөлік гаражының ішінен кептірілген есірткіге ұқсас 10 шөп тектес өсімдік, сонымен қатар ауладағы моншаның ішінен бір есірткі қолдануға арналған кесілген бөтелке, екі қағазға оралған өткір иісті марихуана есірткісіне ұқсас затты тәркілеп алды.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 300-бабы 1-бөлігімен тіркелді. Тергеп-тексеру жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт