USD
USD
USD

Маңғыстау облысында жолдар жабылды

Маңғыстау өңірінде шаңды дауыл соғып, көрудің қиындауына байланысты жол қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол» АҚ баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында жолдар жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау» автожолының 647-712 шақырымында көліктерге жүруге тыйым салынды. Бұл Шетпе-Жетібай жол учаскесі», - делінген хабарламада.

Ауа райы қолайсыздығынан жол қозғалысына шектеу бүгін сағ.13:30-дан бастап (Нұр-Сұлтан уақытымен) енгізілді.

«Штаттан тыс жағдай туындаса, «ҚазАвтоЖолдың» бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталығына хабарласуға болады. Байланыс нөмірі - 1403», - дейді аталған ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич