USD
USD
USD

Маңғыстау облысында жағалаудан итбалықтардың өлексесі табылды

Маңғыстау облысында итбалықтардың қырылу дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

Маңғыстау облысында жағалаудан итбалықтардың өлексесі табылды
Фото: NEGE.kz

Ақтау, NEGE. «2023 жылғы 12 мамыр күні сағат 17:00 шамасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы басқармасының қызметкерлері Түпқараған ауданы Баутино ауылы маңындағы Каспий теңізі жағалауында мониторинг жүргізу барысында бірнеше ондаған итбалықтар мен балықтардың ұшасы табылды», - делінген хабарламада.

Осы оқиғадан соң қолданыстағы өзара іс-қимыл схемасына сәйкес жұмыс тобының барлық мүшелері (жергілікті атқарушы органдар, мамандандырылған ғылыми ұйымдар, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы, гидробиология және экология институты, қазақстандық Қолданбалы Экология Агенттігі, Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы, облыстың ветеринариялық қызметі, экология және полиция департаменттері, табиғат қорғау прокуратурасы) жедел түрде хабардар етілді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank