USD
USD
USD

Маңғыстау облысында толассыз жауыннан кейін екі бала қаза тапты

Маңғыстау облысы Батыр ауылында бір үйдің екі баласы шұңқырға жиналған жаңбыр суына батып, мерт болды, деп хабарлайды Stan.kz. 

Маңғыстау облысында толассыз жауыннан кейін екі бала қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Мұнайлы ауданында болған. Жеке үй маңында әжетханаға арнап қазылған шұңқыр толассыз жауыннан кейін суға толған. Мұны байқамаған 14 және 10 жастағы балалар суға батып кеткен. 

Балалар әжесінің үйіне бара жатқан екен. Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды. Сонымен қатар арық, шұңқырлардың бетін ашық қалдырмау керегін ескертті. 

Маңғыстау облысында жауын салдарынан бір түнде Ақтау және Жаңаөзен қалаларын, сондай-ақ Бостан, Сенек, Құрық және Шетпе ауылдарын су басқан. Қазір ТЖД 19 адам эвакуациялап, су сору жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Қазір оқып жатыр

Автошеру мен жалған келісімшарттар: Санжар Боқаевқа қандай айып тағылған?

бокаев

Екі пәтер, Camry көлігі, 1,2 млн теңге жалақы: еңбек министрі отбасының табысы туралы айтты

Асқарбек Ертаев

Mercedes-Benz көлігі, жан басына шаққандағы табысы 356 мың болатын отбасыға жәрдемақы берілмейді

Әлеуметтік төлемдер тақырыбындағы брифинг

Астанада телефонға елеңдеп, адам қағып кеткен автобус жүргізушісі 2 жылға сотталды

Автобус жүргізушісі