USD
USD
USD

Маңғыстау облысында теміржолшылар ереуілге шықты

2022 жылдың 1 тамызында Маңғыстау магистральдық желі бөлімшесі Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері жалақысын 100 пайызға көтеруді талап етіп, ереуіл жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысында теміржолшылар ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Бастамашыл топтың жалақыны 100%-ға көтеру туралы талаптарын Компания қаржылық қаражатының жоқтығынан орындай алмайды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кірістері негізінен белгіленген тарифтер есебінен қалыптастырылады. Бұрын хабарланғанындай, өткен жылы алынған барлық пайда жалақыны көбейтуге бағытталды", - деді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Компания өз қызметкерлерімен ашық диалог жүргізеді және жағдайды реттеу үшін заң шеңберінде барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды. 

Баспасөз қызметі атап өткендей, бұған дейін, ақпан айынан бастап компания ПЧ-12 (Бейнеу жол дистанциясы) мәселелерін шешумен айналысып жатыр. 2022 жылы сәуір айында татуластыру комиссиясы құрылып, оның шеңберінде қызметкерлердің бірқатар заңды талаптарын қанағаттандыру бойынша шаралар қабылданды.

Темір жол штаттық режимде жұмыс істейді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт