USD
USD
USD

Маңғыстау облысында сотталғандар карикатуралар салудан жарысты

Маңғыстау облысында сотталғандар карикатуралар салудан жарысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Маңғыстау облысында сотталғандар карикатуралар салудан жарысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/10 мекемесінде “Әзіл де, байыпты да” атты карикатуралар сайысы өтті. Оқшауланған аймақтағы және шаруашылық жасағының жазасын өтеуші сотталғандар арасында өткен сайыста қатысушылар әзіл тақырыпта карикатуралар салып өзара жарысты.

Мекеменің психологиялық қамтамасыз ету тобының инспектор-психологы Т.Жиембаеваның айтуынша, бұл сайыс шығармашылық әлеуетті анықтау мен қолдау, сонымен қатар, өзара ұжымдық қарым-қатынасты нығайта түседі. Шараның мақсаты – сотталғандарды қоғамдық өмірге қатыстыру, құлшыныстарын арттыру.

Мұнда жасы кішіден үлкенге дейін белсенділік танытып, қызығушылықпен қатысты. Ең үздік деп танылған шығарманың авторы жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, карикатуралардың ішінде үшеуі таңдалып, I, II және III-ші орындарға ие болды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері