USD
USD
USD

Маңғыстау облысында сирек кездесетін жыртқыш аң суретке түсірілді

"Қызылсай" Мемлекеттік өңірлік табиғи саябағы инспекторлары жыртқыш мысық тұқымдас аңдар суретін жариялады, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысында сирек кездесетін жыртқыш аң суретке түсірілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық инспекция мәліметінше, қарақал түрік тілінен аударғанда "қара құлақ" деген мағына береді.

"Бұл мысық тұқымдас сүтқоректі жыртқыш. Ұзақ уақыт бойы қарақал сілеусін қатарына жатқызылды, сыртқы түрі ерекшеленеді. Алайда бірқатар генетикалық ерекшеліктеріне байланысты ол жеке тұқымға бөлінген. Ол шөлді жерлерде кездеседі. Қарақал, негізінен, түнде белсенді. ТМД аумағында саны аз, ол "Қызыл кітапқа" енгізілген", - деді мамандар.

Қазақстанда қарақал Каспий теңізінің жағалауында кездеседі. Маңғыстау облысында шамамен, 300-400 түрі бар.

Тағы бір суретте облыстық аумақтық инспекция мәліметі бойынша, дала мысығы түсірілген. Мысық тұқымдасы мысықтардың жыртқыш өкілі саналады. Бұл түр кең таралған және "Қызыл кітапқа" енбеген.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев