USD
USD
USD

Маңғыстау облысында нәрестені сату кезінде екі әйел ұсталды

Маңғыстау облысында нәресте сату кезінде екі әйел ұсталды. 

Маңғыстау облысында нәрестені сату кезінде екі әйел ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстаулық полицейлер шақалақты сату кезінде екі әйелді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

«4 мамыр күні сағат 13.00 шамасында облыс прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жаңа туған нәресте үшін ақша алу кезінде 35 жастағы күдікті әйелді ұстады.

Полция қызметкерлері, сондай-ақ қолына нәресте тапсырылған 38 жастағы күдікті әйелді құрықтады.

Шақалақ сот шешімі шыққанға дейін Ақтау қаласындағы мамандандырылған сәбилер үйіне орналастырылды.

Аталған факті бойынша Маңғыстау облысы Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 135-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Өзге мәлімет тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайды», - делінген мәліметте

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе