USD
USD
USD

Маңғыстау облысында мал азығы қорын қалыптастыруға қосымша қаражат бөлінеді

24 қыркүйекте өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезектен тыс жетінші сессиясы өтті, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.  
Маңғыстау облысында мал азығы қорын қалыптастыруға қосымша қаражат бөлінеді
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. Сессия барысында депутаттар қысқы мал азығы қорын қалыптастыруға қосымша қаражат бөлуді мақұлдады. Атап айтқанда, қосымша 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатқа 26200 тонна жем мен 4000 тонна шөп сатып алу жоспарлануда.
 
Сонымен қатар депутаттар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қорын толықтыруға, тұтынуға берілген ауыз су құнын субсидиялауға, Ақтау қалаішілік  маршрутының 6 бағыты бойынша автопарктың жаңартылуын субсидиялауға және т.б. бірқатар әлеуметтік маңыздағы мәселелерді қаржыландыруға келісім берді.
Жиынға қатысқан 
 
Нұрлан Ноғаев облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмыс істеу нәтижесінде іске асатынын айтты.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек