USD
USD
USD

Маңғыстау облысында қыз бен жігіттен 2 кг есірткі табылды

Маңғыстау облысында 19 және 21 жастағы қыз бен жігіттен 2 келі ескірткі табылды, деп хабарлайды Рolisia.kz.

Маңғыстау облысында қыз бен жігіттен 2 кг есірткі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Маңғыстау облысы Полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері 28 қазанда сағат 17.15 шамасында Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағының маңында 19 жастағы азаматша мен 21 жастағы азаматты ұстады. Жеке тінту барысында екеуінен де «мефедрон« және «жылдамдық« синтетикалық есірткі заттары бар 49 түйіншек табылды. 

Кейін пәтерді тінту кезінде полицейлер синтетикалық есірткінің 4 пакетін тапты. Тәркіленген есірткілердің жалпы салмағы 2 келіні құрайды», - делінген хабарламада. 

Күдіктілер қылмысқа барғанын мойындаған. Факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов