USD
USD
USD

Маңғыстау облысында кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

2023 жылғы 18 қыркүйекте Маңғыстау облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура және полиция органдарының атсалысуымен бопсалаумен айналысып, ауыр дене жарақатын салу мен заңсыз қару сақтаған күдікті топ ұсталды. 

Маңғыстау облысында кәсіпкерлерді бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Операция кезінде көшбасшысы мен 3 қатысушысы ұсталып, атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Қолда бар деректерге сай, олар физикалық түрде жәбір көрсету қауіпімен, облыстық және халықаралық жолдарында жеке тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлерден ақшалай қаражаттар талап еткен.

Шабуылға тап болған жәбірленушілер, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқаруда болған Шекара қызметінің әскери қызметкері анықталған. Соттың санкциясымен құрықталған тұлғаларға қамауда ұстау түріндегі шарасы қолданылды.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты