USD
USD
USD

Маңғыстау облысында Қаракөл көлі тартылып жатыр

Маңғыстау облысында Қаракөл тартылып барады, деп хабарлайды "Хабар-24".

Маңғыстау облысында Қаракөл көлі тартылып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл мәселеге қоғам белсенділері назар аударды. Олардың пікірінше, көлді таяздануына Шор каналы арқылы өтетін автокөлік көпірінің салынуы себеп болған.

Мәселені шешу үшін қоғамдық ұйым өкілдері осы жерге шлюз орнатуды сұрайды. Проблема қазір Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде қаралуда.

Айта кетсек, Қаракөл көлі Маңғыстау атом-электр станциясының шұңқырының орнында пайда болған. Су қоймасы қыста да қатпайтын көрінеді. Өйткені көлге жылы сулар ағызылады. Бұл құстардың Қаракөл жағасына ұя салып, қыстауына қолайлы жағдай туғызды.

Көлдің ерекше қорғалатын аумақ мәртебесі бар екенін айта кеткен жөн. Енді жергілікті үкіметтік емес ұйымдар жасанды су қоймасын сулы-батпақты жерлер туралы Рамсар конвенциясының тізіміне енгізуді сұрайды. Халықаралық мәртебе алу басқа елдерден туристер ағынын тартуға көмектеседі.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт