USD
USD
USD

Маңғыстау облысында екі қызды зорлады деген күдікті өзіне қол жұмсаған

Маңғыстау облысында 16 және 12 жастағы қыздарды зорлады деген күдікпен ұсталған ер адам полиция бөлімшесінде терезеден секіріп, өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Маңғыстау облысында екі қызды зорлады деген күдікті өзіне қол жұмсаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл ақпаратты Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері растады. Оқиға 5 ақпанда Маңғыстау облысындағы аудандардың бірінде болған. Әйел 16 және 12 жастағы кәмелетке толмаған қыздарды зорлау дерегі бойынша полицияға арызданған.

Тергеу барысында күдікті қыздардың ата-анасының жақын досы екені белгілі болды. Ер адам 2019 жылдан бастап, 4 жыл бойы қыздарды зорлап келген.

Құқық қорғау органдары қыздарды зорлады деген күдікке ілінген жергілікті тұрғынды ұстаған. Ер адам өз кінәсін мойындап, кейін полиция бөлімінің терезесінен секіріп кеткен. Бірнеше күннен кейін ол ауруханада қайтыс болған.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Бірнеше рет зорлау") бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Басқа да мәліметтер жария етілмейді", - деді полиция қызметкерлері.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде менеджер басшылықтың жоқтығын пайдаланып, жалған сенімхатпен пәтерлерді қайта сатқан

көпқабатты тұрғын үй

Министр Сәденов олигарх Рашид Сарсеновтің «крышасы» ма?

.

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша