USD
USD
USD

Маңғыстау облысында деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жаңаөзен қаласында деструктивті діни ағым өкілдерін ұстады.

Маңғыстау облысында деструктивті діни ағым өкілдері ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «2020 жылғы 7 тамызда Ұлттық қауіпсіздік комитеті атыс қаруын заңсыз жасау және өткізу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының деструктивті діни ағымды ұстанушы 2 тұрғынын ұстады.

Тінту барысында заттай дәлелдемелер, оның ішінде екі автомат, үш пистолет, дыбыссыз атуға арналған құрылғы, сондай-ақ оқ-дәрілер табылып алынды», - делінген Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

9 тамызда сот күдікті адамдарды қамауды санкциялады. Тергеу фигуранттардың экстремистік сипаттағы қылмыстарға қатысын тексеріп, істің өзге де мән-жайларын анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жеңіл атлетика федерациясы Ясмина Тоқсанбаеваға қатысты шешімге шағым түсірді

Ясмина Тоқсанбаева

«Алматыда прокурордың ұлы ірі жол апатын жасады»: қалалық полиция мән-жайды тексеруде

Жол-көлік оқиғасы

АҚШ-қа тікелей рейс: FAA Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін бағалау жұмысын аяқтады

FAA сарапшылары отырысы

Тоқаев Елена Рыбакинамен кездесті

Елена Рыбакина