USD
USD
USD

Маңғыстау облысына жасанды жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды

Теңіздің жағасында отырған Маңғыстауда ылғал жоқ. Енді осы мәселе шешілуге тиіс. Облыстың 4 ауданы: Құрық, Шетпе, Жетібай және Саинда жаңбыр жаудыратын құрылғылар сынақ режимінде іске қосылды.

Маңғыстау облысына жасанды жаңбыр жаудыратын құрылғылар орнатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Мұндай жоба елімізде алғаш рет қолға алынды. «Жаңа технология атмосфералық ылғал көлемін 30 процентке дейін көтере алады.

Мамандардың айтуынша, қоршаған ортаға зияны жоқ құрал шөлейтті аймақты көгалдандыруға сеп болады. Қондырғы қашықтан басқарылады. Таяу күндері Бейнеу ауданына да орнатылады.

Айта кетейік, дәл осындай құрылғылар Ресей, Оңтүстік Корея мен біріккен Араб әмірліктерінде оң нәтиже көрсеткен. Жобаның құны 5 миллион евро. Қаржы салушы - жеке инвесторлар.

- Іске қосылған сәттен бастап бұл қондырғылардың ауаға әсерін бақылаймыз. Сосын нәтижесін соңғы 10 жылда облысқа жауған жаңбыр мөлшерімен салыстыруымыз керек. Адамға және табиғатқа кері әсері жоқ. Электр қуатын да аз тұтынады. Құрылғы қызметі жыл мезгілдеріне бейімделген. Қыста сіркіреп ылғал түссе, жаз айлары жауын-шашын мол түсуі мүмкін, – климатолог Сергей Бологуров.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары