USD
USD
USD

Маңғыстау облысына Ираннан 53 қандас көшіп келді

Маңғыстау облысына Иран Ислам Республикасынан 53 қандасымыз келді.

Маңғыстау облысына Ираннан 53 қандас көшіп келді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Иран Ислам Республикасының Горган қаласынан 53 адам Қазақстанға қоныс аударды. Олар Ақтау қаласында 2-3 күн аялдап, құжаттарын реттейді. Құжаттарын реттеу жұмыстары аяқталғаннан соң Нұр-Сұлтан қаласына аттанады. Кейін көші-қон бағдарламасы арқылы Солтүстік Қазақстан өңіріне қоныстанады»,-деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Байпақов қоғамдық коммуникация орталығы.

Айта кетейік, өңірге келген 53 адамның 25-і бала, барлығы 20 отбасы атамекенге оралды. Тарихи Отанына келгендердің бірі Хадиша Адай. Атамекенді аңсап, егемен еліне келген ол қуанышын жеткізіп, жылы лебізімен бөлісті.

«Мен Түркіменстанда тудым. Дегенмен жұмыс бабы бойынша Божнурд қаласында 22 жыл тұрдым. Туған әпкем, қызым, туыстарыммен бірге атамекенге келіп жатырмыз. Өте қуаныштымыз. Барлығы да жат адамдар емес ағайындар. Ыстық ықыласпен қабылдағандарыңызға өте ризамыз», - деді Хадиша Адай.

Бұл көш ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Ирандағы Елшілігі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков