Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Маңғыстау облысы сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен Дәурен Өтепқали Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Маңғыстау облысы сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дәурен Өтепқали «құрылыс» және «заңгер» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Еңбек жолын 2010 жылы Маңғыстау облысының Сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бас маманы болып бастаған.

2011-2013 жылдар аралығында ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облыстық филиалында маман, бөлім басшысы болып қызмет атқарған.

2015-2022 жылдар аралығында облыстық Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы, одан кейін Қала құрылысы және жерді бақылау басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары қызметтерінде болды.

2022 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің облыстық департаменті басшысының орынбасары болды.

Облыс әкімі басқарманың жаңа басшысын ұжымға таныстырып, жұмысына табыс тіледі.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар