USD
USD
USD

Маңғыстау кәсіпкерлеріне айыппұл салынды

Биыл Маңғыстау облысы бойынша 64 қоғамдық тамақтану орындарына жоспарлы тексеру жүргізілді, деп хабарлады inbusiness.kz.

Маңғыстау кәсіпкерлеріне айыппұл салынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Нәтижесінде 8 кәсіпкерге айыппұл салынды. Маңғыстау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асылбек Шаровтың айтуынша, 9 айда 64 жоспарлы, 45 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Негізінен тағамның сапасынан басқа, нысанның ас блогының жай-күйі, қоғамдық тамақтану залдары, арнайы үй-жайлардың орналасу сәйкестігі анықталды.

"Тексеру нәтижелері бойынша 8 бизнес өкіліне айыппұл салынып, тағы 47 нұсқама берілді. Оның 46,8% орындалды. Бүгінде қоғамдық тамақтану орындары, яғни кафелер, асханалар, кафе-барлар, мейрамханаларға көптеген адамдар келеді. Сондықтан мұндай қызмет көрсету орындарының санитарлық талаптарға сай болуы маңызды. Азық-түлікті халық тұтынатындықтан, адам денсаулығы бірінші орында тұр. Қызмет көрсетпес бұрын барлық азық - түлік нысандарына ресми ашылу үшін рұқсат алу қажет", - деді Асылбек Шаров.

Заң бойынша жылына екі рет эпидемиологиялық маңызы жоғары қоғамдық тамақтану орындарына, оның ішінде балабақша,  интернаттық ұйымдар, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, вахталық кенттер, құрылыс алаңдары, өнеркәсіптік объектілерге міндетті тексерулер жүргізіледі. 

Қазір оқып жатыр

Дайрабаев Қожаназаров туралы: «Көреалмаушылықты доғаруымыз керек»

Жигули Дайрабаев

«Ауыл» партиясы Құрылтай депутаттығына 69 кандидатты ұсынды

Ауыл партиясы

Мемлекет басшысы Назарбаевқа ізгі тілегін жолдады

.

Қазақстанда 62 жанармай құю бекетінің қызметі тексеріліп жатыр

Бензин, дизель