USD
USD
USD

Маңғыстау әкімінің орынбасарын қамау мерзімі ұзарды

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі 24 маусымға дейін ұзарды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі айтты.

Маңғыстау әкімінің орынбасарын қамау мерзімі ұзарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыс әкімдігінде Ниязовтың жұмыстан шеттетілгені туралы қауесет тараған болатын.

"25 мамырдан бастап Ғалымжан Ниязов жұмыста жоқ, анық-қанығын құқық қорғау органдарынан біле аласыздар", - деді Маңғыстау облысы әкімдігі өкілі.

Сотта Ниязовты үйқамақта ұстау мерзімі ұзарғаны айтылды.

"Ақтау мамандандырылған тергеу сотының қаулысымен Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы 2022 жылғы 24 мамырдан 24 маусымға дейін ұзарды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ғалымжан Ниязов Ақтау қалалық мамандандырылған тергеу сотының 17 сәуірдегі, 27 сәуірдегі және 17 мамырдағы заңды күшіне енген қаулылары бойынша 24 мамырда жұмысқа оралған еді. Сонымен қатар, әкім орынбасарының лауазымында қалуы сот шешіміне байланысты екені айтылды. Ол бір аптадан кейін өзгерді.

Қазір оқып жатыр

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына кандидатурасын ұсынбақ

Тимур Турлов

ШҚО тұрғындарын өзен суының түсі алаңдатып отыр

өзен

Hyundai, Kia және Geely сатылымы құлдырады: қытайлық көліктерге сұраныс артты

Changan

Алматы әкімдігі «Family Park-тің орнына тұрғын үй кешені салынады» деген сыбысқа жауап берді

Family Park