USD
USD
USD

«Қылмыстық топ құрған»: Маңғыстау полициясы тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысы полиция департаментінің бастығы мен оның орынбасарлары ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталғаны туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты ведомствода ресми түсініктеме берді. 

Маңғыстау
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде өңірлік ПД басшыларының аты-жөндері көрсетілген тізім тарап, оларды ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелері деп көрсеткен.

әж
Маңғыстау облысы ПД

Маңғыстау облысы полиция департаменті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады.

«Жалған ақпарат таратпауларыңызды сұраймыз. Интернетте алдын ала жалған екенін білетін мәліметтерді орналастыру және тарату Қазақстан заңнамасына қайшы келеді», – деп ескертті ведомствоның баспасөз қызметі.

Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік бар екенін еске салды.

Қазір оқып жатыр

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank

Шымкентте Василий Колесниковті қатыгездікпен өлтірген алты адамға үкім оқылды

сот үкімі

Әйелдер мен балаларды қорғайтын жобаға не кедергі: депутат екі министрлікке талап қойды

Лариса Ли