USD
USD
USD

Маңғыстау облысының жедел жәрдем қызметі 32 жаңа автокөлікпен толықты

18 желтоқсан күні аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай жедел медициналық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық жедел жәрдем бөлімшесіне жергілікті бюджет есебінен сатып алынған Hyundai Staria маркалы 32 жаңа жедел жәрдем автокөлігін табыстады.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жылы шығарылған жаңа автокөліктер алғашқы және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық бейімделген. Әрбір санитарлық көлік дефибриллятор, аспиратор, өкпені жасанды желдету (ИВЛ) аппараты, реанимациялық рюкзак, 15 литрлік оттегі баллоны және медициналық каталкамен жабдықталған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бұл жедел жәрдем бригадаларына төтенше жағдайлар кезінде науқастарға уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақ басшысы өз сөзінде денсаулық сақтау саласын дамыту, әсіресе жедел медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру өңір үшін маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Халықтың өмірі мен денсаулығы – ең басты құндылық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде медициналық инфрақұрылымды жүйелі түрде жаңарту жұмыстары жалғасуда. Бұл жаңа автокөліктер жедел жәрдем қызметінің жұмысын жандандырып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырады деп сенемін», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ іс-шара барысында облыс әкімі жаңадан салынған жедел медициналық жәрдем станциясының ғимаратын аралап көрді.

Қазір оқып жатыр

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика