USD
USD
USD

Маңғыстау облысында жылқылар қолайсыз ауа райының салдарынан қырылып жатыр

Маңғыстау облысында толассыз жауған жауын-шашын салдарынан жылқылар қырылып жатыр, деп хабарлайды Lada.kz.

Маңғыстау облысы
Фото: Lada.kz

Астана, NEGE. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, нөсер жаңбырдан кейін мал су ағынымен шайылып, сор алқаптарға түсіп кеткен. Соның салдарынан жануарлар тұзды батпаққа батып, көпшілігі қырылған, ал бірқатарын әлі де шығара алмай жатыр.

Ауыл тұрғындары бұл жағдайды әлеуметтік желілерде жариялап, әрбір үйдің бірнеше бастан он басқа дейін мал жоғалтқанын жеткізді. Олардың сөзінше, ең күрделі ахуал Ақшымырау ауылы маңында болып жатыр.

«Қатты жауыннан кейін малды су ағызып әкетіп, сорға түсірді. Көптеген жылқы тұзды батпаққа батып қырылды, тағы біразы шыға алмай жатыр. Егер Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік көмек көрсетпесе, жағдай ушығуы мүмкін», – дейді ауыл тұрғындары.

Тұрғындар мәселені назарға алуды сұрап, жауапты органдарды, сондай-ақ заң шығарушылар мен жануарларды қорғау ұйымдарын шұғыл шара қабылдауға шақырды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе

Бірі өсті, бірі шегінді. Қазақстанның сегіз банкі НЕГЕ активінен айырылды?

bank