USD
USD
USD

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

Facebook әлеуметтік желісінде Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза болғаны туралы ақпарат тарады.

сот үкімі
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желідегі ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Шекара қызметі және Қорғаныс министрлігі Орталыққа ұсынған ақпаратқа сәйкес, әскери қызметшінің қаза тапқаны туралы мәлімет расталмады», – делінген орталық хабарламасында.

Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы әлеуметтік желі қолданушыларына дәйексіз ақпаратты тарату жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде соңы қайғымен аяқталған Каспийдегі оқу-жаттығу кезінде кемеде тағы бір сарбаз болғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты теріске шығарып, мерзімді әскери қызметтегі матростар Айнар Ахметов пен Әли Мағауия дін аман екенін, қазіргі уақытта әскери бөлімде әскери қызметін атқарып жүргенін хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр

.

Бес күн де шыдамады: Ақ үйдің жаңа баспасөз хатшысы қызметінен кетпек

Трамп

«Министрдің құпиясына хатшысы арқылы қол жеткізу оңай»: Олжас Сәтиев кибертыңшылық туралы

Decaf

«Яндекс» Қазақстанды екінші орынға ысырып қойды ма?

.