USD
USD
USD

Маңғыстау облысында шетелдіктер жүздеген литр дизельді заңсыз әкетпек болған

Маңғыстау облысындағы «Тәжен» кеден бекеті арқылы дизель отынын заңсыз әкету әрекеттері тоқтатылды. Негізінен Өзбекстан азаматтары бекет арқылы дизель отынын әкетуге әрекеттенген.

дизель
Фото: minfin.com

Астана, NEGE. Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, жүк көліктеріне зауыттық конструкцияда қарастырылмаған қосымша жанармай бактары орнатылған.

Ведомство өкілдері 2026 жылғы 21 мамырдан 21 қарашаға дейін автомобиль көлігімен Қазақстан аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге бензин, дизель отыны мен мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін шығаруға тыйым салынғанын еске салып өтті.

Тыйым салынғанына қарамастан, халықаралық рейстердің жекелеген жүргізушілері оны айналып өтпек болған.

Бейнеу аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 545-бабы бойынша бірқатар әкімшілік істер қаралған. Атап айтқанда, бір жүргізушіден көлемі 180 литр толық толтырылған қосымша бак анықталса, тағы екі жүргізушіден 500 литрден дизель тәркіленген. Сондай-ақ жекелеген жүргізушілерден 120 литр, 95 литр, 70 литр көлемінде жанармай табылған.

«Барлық жағдайда халықаралық жүргізушілер, негізінен "Тәжен" кеден бекеті арқылы дизель отынын әкетуге тырысқан Өзбекстан азаматтары құқық бұзушылар болды», – делінген Департамент хабарламасында.

Сот жүргізушілерді кінәлі деп тауып, отынды мемлекет кірісіне тәркілеп, әрқайсысына 64 875 теңге (15 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл тағайындады.

Кеденшілер заңсыз алып өтілген дизель отынының әрбір литрі ішкі нарыққа қауіп төндіретінін, қосымша жанармай бактары арқылы заңды айналып өту әрекеттері алдағы уақытта да қатаң түрде тоқтатылатынын ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz