USD
USD
USD

Маңғыстау облысында полицейлер суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды

Маңғыстау облысында полицейлер суға батып бара жатқан қызды құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 18 тамызда шамамен 18:30-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Шапағат ауылындағы жағалауда жасөспірім қыздың теңізге түсіп, өздігінен жағаға шыға алмай жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына бірден учаскелік полиция инспекторлары — Данияр Назарбаев ,полиция капитаны Біржан Шапағатов және полицияның аға лейтенанты Дулат Ғайнуллин шұғыл жетті.

Жергілікті тұрғындармен бірлесе отырып, қайық табылып, полицейлер теңізге шықты. Қыз бала шамамен жағалаудан 600 метр қашықтықта болған. Оны қайыққа мінгізіп, сәтті түрде жағаға жеткізді. Абырой болғанда, жасөспірім ешқандай дене жарақатын алмады.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов