USD
USD
USD

Маңғыстау облысында мүгедектігі бар жасөспірімді бір топ бала соққыға жыққан

Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінің тұрғыны кәмелетке толмаған мүгедек баласын бір топ жеткіншек ұрып-соққанын айтты. Полиция оқиғаға қатысты түсінік берді. 

Жасөспірімді соққыға жықты
Фото: fishki.net

Алматы, NEGE. Көшеде досымен бірге келе жатқан Мейрамбек Рақымбердіге кенеттен 10-нан астам бала жабылып, ұрып есінен тандырып кеткен. Салдарынан 14 жасар бала ауруханаға түсті.

Мейрамбектің анасының айтуынша, олар ұлын осымен екінші рет сабап отыр. Сәуір айында да ұрған. Сол кезде жеткіншек 5 күн комада жатып, аман қалыпты. Ол басынан алған ауыр соққыдан эпилепсия ауруына шалдығып, мүгедек болып қалған. Ал сол оқиғадан кейін 9 ай өтсе де, кінәлілер әлі жазаланбаған. 

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Ақтауда жеткіншектерді алдымен әкімшілік жазаға тартқанын растады. Облыстық ПД өкілдері кейінірек 14 жастағы жасөспірімді ұрып-соғу ісі әкімшілік істен қылмыстық іске ауыстырылғанын мәлім етті.

14 және 15 жастағы екі мектеп оқушысы қылмысты жасады деген күдікке ілінген.

"Дене жарақатының ауырлығын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл факт Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша тіркелді. Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді", - делінген хабарламада. 

Қазір оқып жатыр

Вице-президент, Құрылтай төрағасы: Ұлттық пантеонға жерленетін тұлғалар тізімі жаңартылды

Пантеоан аумағы

ONAY-дағы ақау: Алматы метросында ұзын-сонар кезек пайда болып, қалалықтар жұмысына кешікті

Метродағы кезек

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова