2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Маңғыстау облысында «LiveGood» қаржы пирамидасына қатысты тергеу аяқталды

ҚМА Маңғыстау облысы бойынша департаменті «LiveGood» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқару, заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу және қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражатты заңдастыру фактілері бойынша тергеуді аяқтады.

Қаржы пирамидасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «LiveGood» компаниясы дәрілік заттар мен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) сату түріндегі желілік маркетинг ретінде көрініп, шын мәнінде салымшыларды тарту арқылы кепілдендірілген табыс уәде етіп отырған.

Өнімді сатып алу міндетті болмаған. Қатысушылардың табысы тікелей түрде жазылу құны 50 АҚШ долларынан басталатын жаңа адамдарды тарту санына байланысты болған.

Нәтижесінде 80-нен астам азамат қаржы пирамидасының құрбанына айналды.

Салымшылардың қаражатын заңдастыру мақсатында күдікті оларды криптовалюта биржасы арқылы заңсыз операциялармен шығарып, кейін туыстарының шоттарына аударған.

Қылмыстық жолмен алынған қаражатқа ол Ақтау қаласынан екі пәтер мен Lexus автокөлігін сатып алған. Жылжымайтын мүліктің жалпы құны – 43 млн теңге.

Соттың санкциясымен 132 млн теңге көлеміндегі оның есепшоттары мен мүлкіне тыйым салынды.

Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамаққа алынды.

Іс сотқа жолданды.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті