USD
USD
USD

Маңғыстау облысында инвестор тарту және ірі жобаларды іске асыру жұмыстары қарқын алды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларына сәйкес Маңғыстау облысында өңірдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.

Маңғыстау облысының әкімдігі
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Соңғы үш жылда облыстың негізгі капиталына 2,9 трлн теңгеден астам инвестиция тартылған, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, биыл жалпы құны шамамен 230 млрд теңгені құрайтын 17 жоба іске қосылып, нәтижесінде 550-ге жуық тұрақты жаңа жұмыс орны ашылған.

«Жыл соңына дейін жалпы құны 38 млрд теңге болатын тағы бес жобаны пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, жыл басынан бері ірі шетелдік инвесторларды тарту және екіжақты ынтымақтастықты нығайту мақсатында жақын және алыс шетелдердің елшілері мен консулдарымен, сондай-ақ өңірдің инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктерімен танысу үшін келген шетелдік инвесторлармен шамамен 20 кездесу өткізілді», – деп хабарлады басқарма өкілдері.

Облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасының ақпаратына сәйкес, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының аумағын кеңейту жұмыстары жалғасуда. Биыл оның көлемі 1,9 мың гектардан 4,4 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Сонымен қатар, арнайы экономикалық аймақ құрамына қосу үшін шамамен 23 мың гектар болатын қосымша жер телімдерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

АҚШ келіссөздерден кейін Иранға қарсы санкцияларды алып тастады

санкция

Әлеуметтік желідегі алауыздық: Бас прокуратура ескерту жасады

желідегі алауыздық

Месси әлем чемпионаттары тарихында гол саны бойынша жаңа рекорд орнатты

Әлем чемпионаты

Әл-Фарабидегі жол апаты: Zeekr жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Александр Пак