Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп танысынан ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Маңғыстау облысында интим суреттерді таратамын деп ақша бопсалаған күдікті ұсталды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұсталды
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 2025 жылдың 26 қаңтарында шамамен 14:50-де Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жаңаөзен қаласының Шаңырақ ықшамауданында жылдам әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын өткізді.

Нәтижесінде 2004 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікке ілінді. Тергеу барысында күдікті өзінің танысын интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 мың теңге бопсалағаны анықталды.

Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталады. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тінту кезінде күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 мың теңге тәркіленді.

Полиция қызметкерлері күдіктінің кінәсін толық анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат