USD
USD
USD

Маңғыстау облысында бір отбасының 7 адамы газдан уланып, қайтыс болды

Бүгін Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде бір отбасы мүшелерінің улану оқиғасы тіркелді.

газдан уланды
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Алматы, NEGE. Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жеткен кезде үйден 7 адамды тапты. Олардың бесеуі – кәмелетке толмаған балалар. Барлығы оқиға орнында көз жұмды.

Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан болған.

Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.

«Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі. Аталған оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында болады», – делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум